«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Тоқаев Ұлттық банк жұмысы туралы айтты

Тоқаев Ұлттық банк жұмысы туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұлттық банкінің жұмысы туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің баяндамасынан кейін Тоқаев реттеуші органның жұмысы ағымдағы режимде жүргізіліп жатқанын атап өтті, «дегенмен, әрине, сұрақтар бар». Ең алдымен, халықты ұлттық валютаның құбылмалылығы алаңдатады.

«Сарапшылар америкалық доллардың нығаюына байланысты теңге бағамына қысым түседі деп болжап отыр. Жалпы, валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляцияны тежеу – бұл аса маңызды жұмыс. Тіпті, қазір бұл Үкіметпен тығыз ынтымақтастықта атқарылуы тиіс негізгі жұмыс деуге болады. Бұрынғы тәуелсізбіз, өз бетімізше әрекет етеміз деген ұстанымдар қазіргі жағдайда өзектілігін жоғалтты, себебі жағдай ерекше. Бұл туралы кейінірек пікірімді білдіремін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 600 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысында “Жұмысшы мамандықтар жылы“ аясында жаңа жобалар жүзеге асады

admin123

Түркістанда ерекше балаларға арналған «Шексіз әлем» жаңа жылдық мерекесі өтті

Redaktor Bauyrlas

Пікір жазу