«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

“КӨНЕ ТҮРКІСТАНДА КӨЗ ТАРТАР МУРАЛ САЛЫНДЫ…”

Түркістан күн сайын көркейіп келеді. Көз көріп, көңіл қуанпды. Жаңарып, жайқалуда. Түркістанның төрінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаңа мурал салынды.

Жоба қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырып, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Қала келбетін көркейту мақсатында жүзеге асқан арт туынды «Керуен сарай» тұрғын үй кешенінің қабырғасына орналастырылды.

Мурал мазмұнында табиғатты аялау, тазалықты сақтау және экологиялық сананы нығайту идеялары көркем түрде бейнеленген.
Айтпақшы, Түркістан шаhарында заманауи үлгіде көз тартар көркем мешіт салынуда. Құрылысы бітуге таяу. “Жол-жөнекей” жаңа мешіттің жанында естелік суретке түсудің сәті келді.

Ерсұлтан Әмірбек

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВ АТЫНДАҒЫ ФУТБОЛ СПОРТ МЕКТЕБІ АШЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ БІРЛІКТІ ДӘРІПТЕЙДІ

Redaktor Bauyrlas

Түркістан – халықаралық туристік орталыққа айналуда