Сүрбойдақ інілерді көрсек, әзіл араластырып: «Баяның қайда, Қозы?» деп жатамыз. Шынында да, өз Баянын іздеген қаншама Қозы бар десеңізші… Сол секілді, өз Қозысын жолықтыра алмай, бағын іздеп жүрген Баяндар да аз емес.
16 сәуір — Қозы Көрпеш – Баян сұлу күніне орай “Достық үйінде” ғашықтар мерекесіне арналған тағылымды кездесу өтті. Іс-шара барысында отбасы құндылықтарын дәріптеген жастар бас қосып, жылы жүздесу алаңында пікір алмасты.
Кездесу қатысушылары үшін бұл кеш тек мерекелік шара ғана емес, сонымен қатар шынайы сезім, адалдық пен сыйластық туралы ой қозғауға мүмкіндік берген тағылымды басқосу болды.
Фото: Нуриддин Искаков
Дереккөз: Түркістан облысы Қоғамдық келісім
Ерсұлтан Әмірбек

























