«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

КЕНТАУДА КЕЛЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі және қалалық руханият орталығының ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ысырапшылдықты болдырмау, той мәдениетін қалыптастыру мақсатында қала әкімдігі, зиялы қауым өкілдері, мешіт имамдары және қаламыздағы барлық асабалардың қатысуымен алқалы жиын өтті.
Жиынға қала әкімінің орынбасары А.Байболова, ақсақалдар алқасы қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Молжгітіов, Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары М.Юлдашев, Әжелер алқасының төрайымы Р.Жұмабайқызы, қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы М.Кривенцова, Кентау қаласының бас имамы Ғ.Айекеев қатысты.
Қалалық ақсақалдар алқасы қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Молжігітов тойы-жиындардағы асабалардың рөлін жайлы сөз қозғаса, орталық мешіттің бас имамы Ғ.Айекеев жаназа, ас-баталы жиындардағы ысырапшылдықты болдырмау мәселесін, той-жиындардағы ұлттық құндылықтардың сақталуы жайлы қаламыздың құрметті азаматы, қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Б.Дәрібаев айтып өтті.
Сонымен қатар асабалар тарапынан ұлттық құндылықтарды дәріптеу бойынша өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында қала және ауыл тұрғындарына той-жиындардағы ысырапшылдық пен дәстүрге сай той мәдениетін қалыптастыру мақсатында үндеу жолданды. Сонымен қатар қалалық руханият орталығы жанынан діни және асабалар кеңесі құрылып, тоқсан сайын отырыстарын өткізіп талқылаулар жасалатын болды.

Сәйкес жаңалықтар

ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНУІ

“ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАННЫҢ ЭТНОС ЖАСТАРЫНАН ҮЙРЕНСЕК БОЛАДЫ…”

Жұманғарин қосылған құн салығы мөлшерлемесін көтеру бағаға қалай әсер ететінін түсіндірді

admin123

Пікір жазу