«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

“АРЫЗДЫҢ ДА ТҮР-ТҮРІ БАР…”

Қоғаммен билік арасында ашық байланыс орнаса, қоғамдық күш бірігеді. Қоғамның сөзін естуге ептеп бет бұрылғанын байқаймыз. Рас. Президент пәрменімен Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінің қоғамдық қабылдау алаңында ашықтық байқалады. Нәтижесі шығар, бүгін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев тұрғындарды жеке қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады.

Әкім орынбасарымен бетпе-бет кездесуге Сайрам, Жетісай, Келес, Ордабасы аудандарының тұрғындары арнайы келді. Шағымдар мен ұсыныстардың басым бөлігі мәдениет, спорт және ақпараттық салаларға қатысты болды. Атап айтқанда, БАҚ-қа қатысты ұсыныстар және мемлекеттік тапсырыс мәселелері бойынша өтініштер, облыстың құрметті азаматы мәртебесін беру, «Еңбек ардагері» төсбелгісін алу, мәдениет саласын дамыту, ауылдық шалғай жерге клуб салу, қоғамдық ұйым жұмыстарын жандандыру, асық ойынын Наурыз мерекесінде дәріптеу, футбол спортын дамыту жобалары ұсынылды.
«Тұрғындардың арыз-шағымы назардан тыс қалмайды» деген облыс әкімінің орынбасары жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе хаттамаға енгізіліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты. Жауапты басшыларға мәселелерді зерделеп, шешуді тапсырды. Өтініштер бақылауға алынды-деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Арызың болса айт. Бірақ, арыз айтудың да жөні бар. Тек, жеке бастың мүддесін емес, қоғамның қажеті мен елдің игілігіне ізгілік әкелетін арыз-шағым болса, билік те болатын істен теріс айналмас. Қоғамда бауырластық болса, сыйластыққа сызат түспес.

BAUYRLAS.KZ

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ХҚТУ-ДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ БАҒЫТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТІП ЖАТЫР

«ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЖЫМДАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР

ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Пікір жазу