«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

«ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЖЫМДАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясы шығармашылық ұжымдары фестивалінің өңірлік кезеңі басталды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған байқау өңірдегі этносаралық бірлікті нығайтуды көздейді.
Салтанатты шарада сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі бірлік пен келісімді нығайтудағы маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Фестивалға Түркістан облысының әр аудан, қалаларынан келген түрлі этностардың өнерпаздары қатысуда. Олар Ансамбльдер байқауы, ән салу және би билеу сынды сайыстарда өз өнерлерін көрсетпек.
Татулықты ту еткен фестиваль соңында үздік шыққан ұжымдар арнайы марапатталады және республикалық байқауға жолдама алады.

Сәйкес жаңалықтар

“Нысандар құрылысы қатаң бақылауда“: Түркістан облысында тағы бір “Жайлы мектеп“ салынып бітті

admin123

Жұманғарин қосылған құн салығы мөлшерлемесін көтеру бағаға қалай әсер ететінін түсіндірді

admin123

АТАНЫҢ СӨЗІ-АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ

Пікір жазу