«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

CАУРАН: ШАҒА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ШАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ БІРЛІКТІ НЫҒАЙТУ БАҒЫТЫНДА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сауран ауданының Шаға елді мекені «В.Вахидов ЖББМ» мектебінің мәжіліс залында этносаралық татулықты насихаттау Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдығы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Сауран аудандық филиалының басшысы Арсылан Раматуллаев, Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, Сауран аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Ә.Бақыт, «В.Вахидов ЖББМ» мектеп директоры Т.Басанов және ауыл тұрғындары қатысты.Кездесу барысында этносаралық татулықты сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, дау-дамайдың алдын алу бағытында келелі ойлар айтылды. Ауыл тұрғындарына этносаралық қақтығыстардың алдын алу,жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шаға елді мекенінде өткен кездесуде ел бірлігін нығайту төңірегінде ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Бұл ретте, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТА АЛЫП ЗАУЫТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан – халықаралық туристік орталыққа айналуда

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА

Redaktor Bauyrlas

Пікір жазу