«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

«ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ.

Сауран аудандық білім бөліміне қарасты «Қазыбек би» ЖББМ мектебінде «Этносаралық татулықты нығайту және жасөспірімдер арасындағы құқықұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті.
Кездесудің мақсаты: Бала тәрбиесі дамуындағы басты рөл атқарушы — отбасы. Этносаралық татулықты нығайтуда ата-ананың рөлінің жоғары екендігін түсіндіру. Ата — ананың бала көңілін таба білуіне ой қозғау, өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие жайлы пікір бөлісу. Ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлі жайлы түсіндіру.
Шекербұлақ ауылы мен Қарнақ ауылы арасындағы құқықбұзушылықтарды болдырмау
Жиналысқа Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Тажыбеков, Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов, «Қоғамдық келісім» КММ-і Сауран аудандық филиалының басшысы А.Раматуллаев, Сауран аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Қ.Рысбеков, «Қоғамдық келісім» КММ-і Кентау қалалық филиалының басшысы Ғ. Тажибаев, Қарнақ ауылы әкімінің орынбасары Д.Оспанов, Қарнақ ауылының учаскелік полиция қызметкері М.Байдилдаев , «Қазыбек би ЖББМ» директоры Ж.Досанов қатысып, ата-аналармен бірге этносаралық татулықты нығайтуға, қоғамдық келісімді сақтауға бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ

Түркістан – халықаралық туристік орталыққа айналуда

ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Пікір жазу