Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М. Әзілхановтың халыққа құқықтық көмек көрсететін ұйымдармен этномедиация мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту жөніндегі тапсырмасы аясында Түркістан облысында бірқатар маңызды меморандумдарға қол қойылды.
Аталған меморандумдарға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жанғазиева Эльмира Ұласбекқызы қол қойды. Ынтымақтастық келесі ұйымдармен жүзеге асырылды:
ҚР Әділет министрлігінің Түркістан облысының Әділет департаменті (басшының міндетін атқарушы – Негина Гайдаровна Клышпаева);
«Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық» мемлекеттік мекемесінің Түркістан облысы бойынша өкілдігі (өкілі – Наталья Сұнғатқызы Қожабекова);
«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігі (төрағасы – Бақытжан Жармаханұлы Бейсембаев);
Түркістан–Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасы (палата төрағасы – Айгуль Альхановна Оракбаева).







Меморандумдардың негізгі мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру, медиация институтын дамыту, дауларды сотқа дейін шешу тетіктерін кеңейту, сондай-ақ халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейту.
Аталған бастама өңірде қоғамдық келісімді нығайтуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және этномедиацияны жүйелі түрде дамытуға бағытталған.
