«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Ынтымақ пен бірлік – ел тұрақтылығының берік негізі

Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылдық округінің Шекербұлақ елді мекенінде «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» тақырыбында ауыл тұрғындарымен кең ауқымды кездесу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, ел ішіндегі татулық пен өзара сыйластықты нығайту, сондай-ақ бірлік пен келісімнің маңызын кеңінен насихаттау.

Маңызды жиынға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Кеңесбекұлы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қалеке Марат, «Қоғамдық келісім» КММ Сауран аудандық филиалының басшысы Арсылан Серікұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Баймұратов Бердалы, аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төраға орынбасары Хурият Абуталипов, аудандық білім бөлімінің басшысы Ғани Әметбеков және ауыл белсенділері қатысты.

Кездесу барысында спикерлер бірлігі бекем елдің болашағы жарқын болатынын атап өтіп, қоғамдық келісім мен ынтымақтың мемлекет дамуы жолындағы шешуші рөліне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар алдағы уақытта Қарнақ және Шекербұлақ елді мекендері арасында өтетін бірлескен мәдени-әлеуметтік іс-шаралар жөнінде ақпарат берілді.

Жиын еркін форматта өтіп, ауыл тұрғындары белсенділік танытты. Қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Мұндай ашық диалог өзара түсіністік пен сенімді арттыруға мүмкіндік берді.

Шара соңында ұйымдастырушылар осындай мазмұнды кездесулердің ел ішіндегі ауызбіршілікті нығайтудағы маңызы зор екенін атап өтіп, алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Redaktor Bauyrlas

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАРҚЫНБЕК ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВТІ 85 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚҚС-ТАН БОСАТУ ҰСЫНЫЛДЫ