«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАРҚЫНБЕК ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВТІ 85 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз Жарқынбек Құлбайымбетовті арнайы қабылдап, 85 жас мерейтойымен құттықтады.

Жарқынбек Құлбайымбетов — саналы ғұмырын ұстаздық пен басшылық қызметке арнап, Түркістан қаласының білім жүйесінде жауапты лауазымдар атқарған. Бірқатар мектептер мен білім беру мекемелерін басқарып, республикалық деңгейдегі конференциялар мен семинарларды ұйымдастыруға жетекшілік еткен.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен, «Құрмет» орденімен және өзге де мемлекеттік, салалық марапаттармен наградталған.

Сондай-ақ Түркістан қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атақтарына ие.

Кездесу барысында қала басшысы ардагер ұстазға білім беру саласын дамытуға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және қоғамдық жұмыстарға сіңірген көпжылдық еңбегі үшін алғысын білдіріп, мерейлі мерекесімен құттықтады.

Сәйкес жаңалықтар

ҰЛТ ҮНІН ҰЛЫҚТАҒАН ӘУЛЕТ немесе ӘМІРБЕКТІҢ ӘР БАЛАСЫ «ШАЛҚАР» РАДИОСЫН ӨЗ ШАҢЫРАҒЫМ ДЕП БІЛЕДІ

СОЗАҚБАЙ СОЗАҚТА ЕМЕС, ШЫМКЕНТТЕ ДАУЫС БЕРДІ…

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРАРЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Redaktor Bauyrlas