«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Ассамблея алаңы

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА КЕҢІСТІК АШЫЛДЫ

2026 жылғы 15 қаңтарда Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Түркістан облыстық «Асық ату» федерациясымен бірлесіп, «Асық ату» ұлттық спорт бұрышының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шара аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Түркістан облыстық «Асық ату» федерациясы арасында ұлттық спорт түрін дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім – ұлттық ойындарды жүйелі түрде дамытудың, оны жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттаудың нақты қадамы.

Аталған игі бастаманың заңды жалғасы ретінде бүгін Түркістан қаласындағы «Turan Mall» ойын-сауық кешенінде балаларға арналған «Асық ату» алаңшасы өз жұмысын бастады. Жаңа алаңшада жыл соңына дейін аптасына үш рет асық ату ойындары ұйымдастырылып, сондай-ақ облыс көлемінде өтетін мерекелік іс-шаралар мен ұлттық мейрамдарда ұлттық спорт кеңінен дәріптелетін болады.

Шараға облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Көпжасарұлы, облыстық «Асық ату» федерациясының президенті Оралхан Айдарханұлы және асыққұмар жасөспірімдер қатысты.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген спикерлер бұл бастаманың алдағы уақытта этностар тығыз шоғырланған аудандарда этномәдени бірлестіктермен бірлесе отырып, тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

Сонымен қатар жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерге демеушілер есебінен арнайы сый-сияпаттар табысталды.

Бұл жоба:
✨ ұлттық спортты дамытуға,
✨ жас ұрпақтың бойына салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды сіңіруге,
✨ ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықты нығайтуға,
✨ қоғамдағы бірлік пен келісімді арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Ұлттық мұрамызды жаңғыртып, оны болашақ ұрпаққа аманаттау жолындағы осындай игі істер алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретініне сенім мол.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ЭТНОСТАРДЫҢ ҚОЛДАУЫ ЕЛДІК ПЕН БІРЛІКТІҢ БЕЛГІСІ

Түркістан облысында этномедиацияны дамытуға бағытталған меморандумдарға қол қойылды