«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Халықаралық «Jibek Joly» туристік пойызы алғаш рет Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды байланыстырады

2026 жылдың 20–25 наурыз аралығында халықаралық «Jibek Joly» туристік пойызы біртұтас мәдени-танымдық бағыт аясында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды біріктіреді. Жоба аясында алғаш рет туристік бағыт Душанбе қаласына дейін ұзартылды.

Ұлы Жібек жолының тарихи қалалары арқылы өтетін бұл бағыт Алматыдан басталып, Түркістан, Самарқан, Душанбе және Ташкентті қамти отырып, Орталық Азияның рухани және заманауи орталықтарын байланыстырады.

Туристік пакеттің бағасына туристік пойызбен қатынау, кәсіби гидтердің қатысуымен әзірленген экскурсиялық бағдарлама, кіріс билеттері, сондай-ақ трансфер қызметтері қамтылған.

Жобаның ерекше маңыздылығы оның Наурыз мейрамы мен қасиетті Рамазан айының аяқталуымен тұспа-тұс келуімен айқындалады. Сапар барысында қатысушылар Орталық Азия халықтарының мерекелік дәстүрлері, ұлттық салт-санасы, музыкасы мен әдет-ғұрыптарымен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Туристік пойыз «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның бастамасымен, «Өзбекстан темір жолдары» және «Қазақстан туристік индустриясы» СРО республикалық қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылуда. «Jibek Joly» туристік пойызының іске қосылуы теміржол туризмін дамытудағы маңызды кезең болып, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан арасындағы мәдени ықпалдастықты күшейтуге, сондай-ақ өңірдің бай тарихи мұрасын кеңінен дәріптеуге серпін береді.


Международный туристический поезд «Jibek Joly» впервые соединит Казахстан, Узбекистан и Таджикистан

С 20 по 25 марта 2026 года международный туристический поезд «Jibek Joly», объединит Казахстан, Узбекистан и Таджикистан в рамках единого культурно-познавательного маршрута. Впервые в истории проекта маршрут расширен до Душанбе.

Путешествие пройдёт по ключевым городам Великого Шёлкового пути: Алматы – Туркестан – Самарканд – Душанбе – Ташкент – Алматы, соединяя духовные центры, древние города и современные столицы Центральной Азии.

В стоимость туристического пакета включены проезд на турпоезде, туристическая программа с сопровождением профессиональных гидов, экскурсии с входными билетами и трансферы, организованные туроператорами.

Особое значение проекту придаёт его проведение в период празднования Наурыза и завершения священного месяца Рамадан — времени обновления, духовного очищения и укрепления культурнынх связей. Участники поездки смогут познакомиться с праздничными традициями народов Центральной Азии, национальными обрядами, музыкой и обычаями региона.

Туристический поезд организован АО «НК «КТЖ» при содействии «Узбекских железных дорог», Республиканской ассоциации СРО «Казахстанская индустрия туризма». Запуск туристического поезда «Jibek Joly» является важным шагом в развитии железнодорожного туризма, способствуя укреплению культурных связей между Казахстаном, Узбекистаном и Таджикистаном, а также популяризации исторического наследия региона.

Сәйкес жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА

Redaktor Bauyrlas

«ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАРҚЫНБЕК ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВТІ 85 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ