«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт»

Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің кіші залында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Жақсылыққа жетелейтін жандар» атты тағылымды кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – қоғамдағы ананың рөлін дәріптеу, отбасы құндылықтарын нығайту және жастарды рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиеге баулу.

Іс-шараны Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Тоққұлова Гүлсара Төлебекқызы жүргізіп, жобаның негізгі бағыттары мен маңызын атап өтті.

Жиынға арнайы қатысқан филология ғылымдарының докторы Дариға Князбекқызы
«Рухани тәрбие – ұлттық құндылық» тақырыбында баяндама жасап, ұрпақ тәрбиесінің бастауы – отбасы, ал ананың мәдениеті мен ұлттық сана-сезімі баланың болашағына тікелей әсер ететінін айтты.

«Білімді ұрпақ тәрбиелеу – ең алдымен ананың, отбасының жауапкершілігі. Ұлттық құндылықпен сусындаған ұрпақ қана ел болашағын баянды етеді», – деп жастарды ұлттық болмысқа адал болуға үндеді.

Сондай-ақ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің «Аналар мектебінің» төрайымы, ф.ғ.к. Оспанова Балтагүл Оспанқызы
«Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

Кездесуге Аналар кеңесінің Әжелер ансамблі, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері, студенттік Ассамблея өкілдері, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты. Сұрақ-жауап пен пікір алмасу арқылы маңызды ойлар ортаға салынды.

Шара соңында Гүлсара Төлебекқызы Дариға Князбекқызына Аналар кеңесі атынан Алғыс хат табыстап, иығына орамал жауып, құрмет көрсетті. Әжелер ансамблінің ән шашуы жиынға ерекше көрік берді.

Ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында “Жұмысшы мамандықтар жылы“ аясында жаңа жобалар жүзеге асады

admin123

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ «НРАНЕ ПАР» АРМЯН АНСАМБЛІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КОНЦЕРТІ ӨТТІ.

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЫ ҚАШАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ…