«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

♟ ТҮРКІСТАНДА «ЖАНУБИЙ ҚОЗОҒИСТОН» ГАЗЕТІНІҢ 35 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ШАХМАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

2026 жылғы 6 қаңтар күні Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігі мен «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бірлесіп ұйымдастыруымен, газетінің 35 жылдық мерейтойына арналған қоғамдық бірлестіктер арасындағы командалық шахмат турнирі өтті.

Іс-шараның ашылу салтанатында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанәбіл Болат Серікұлы құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті. Сонымен қатар, «Жанубий Қозоғистон» газетінің этносаралық татулық пен достықты насихаттаудағы 35 жылдық еңбегіне жоғары баға берді.

Шараға Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ облыстық ҚХА жанындағы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Ирсметов Бахадир қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Зияткерлік сайысқа Сайрам, Кентау, Қарнақ, Түркістан қаласы, Төлеби, Түлкібас, Қазығұрт, Сауран, Созақ, Сарыағаш аудандарының және «Жанубий Қозоғистон» газетінің командалары қатысып, тартысты әрі мазмұнды ойын көрсетті.

Сайыс нәтижесінде:

I-орын Сайрам ауданы.
II-орын Сауран ауданы.
III-орын Кентау қаласы.

♟ Турнир достық пен өзара сыйластықты нығайтып, этномәдени бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықты арттыруға зор ықпал етті.
Жарыс қорытындысында жеңімпаздар марапатталып, іс-шара естелік суретке түсумен аяқталды.

Барша қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз!
Елімізде бірлік пен бейбітшілік әрдайым нығая берсін!

Сәйкес жаңалықтар

АТАНЫҢ СӨЗІ-АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ

“ШЕР-АҒАНЫҢ ШЕКПЕНІНЕН ШЫҚПАСАМ ДА….”

Redaktor Bauyrlas

«ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҰЖЫМДАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР