«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

“АҚ ОРАМАЛДЫ” КІРЛЕТПЕУ КЕРЕК….


Ананың сүті.
Ананың ақ жаулығы.
Ананың ақ орамалы.
Егіз ұғымдай естіледі. Есті сөз. Елге қуат, жанға шуақ береді. Бұл сөздер ұрпақ жадында жатталып қалған, жанға жылулық сыйлайтын қадіроі де, қасиетті мәнге ие. “Ақ орамалды” . 17 наурыз – Шаңырақ күні мерекесіне орай Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал» республикалық акциясы өтті. Ғажап. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының, «Қоғамдық келісім» КММ-нің өкілдері, ҚХА жанындағы Аналар және Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, қоғам белсенділері, әжелер ансамблі, жас жұбайлар және қала тұрғындары қатысты. Іс-шараны Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова жүргізіп, қатысушыларды Шаңырақ күнімен құттықтады. «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева отбасы – қоғамның негізі, ал ана – сол шаңырақтың ұйытқысы екендігін атап өтті. Жиын барысында қазақ халқының тағылымды дәстүрі жаңғыртылып, аналар жас жұбайларға және ақжаулықты әжелерге ақ орамал жапты.
Бұл – аналардың ақ тілегі мен ақ батасының белгісі болды.

Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптейтін «Шылауыш орау» дәстүрінен сахналық көрініс, аналарға арналған әсерлі әндер, әжелердің «Ақ орамал» дефилесі, сондай-ақ, мәдени музыкалық қойылымдар ұсынылды. Сонымен қатар Түркістан қаласының Құрметті азаматы Шора Есмолдаев 61 жыл отасқан жұбайымен бірге отбасы татулығының сырымен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Батагөй ақсақал жас жұбайларға ақ батасын беріп, қазақы дәстүрге сай ақжарма тілектерін жеткізді. Ақ орамалды кірлетпей жүрген, ақ жаулықты аяулы жандарға «Наурыз-базарлық» кәде-сыйы берілді.

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРАРЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Redaktor Bauyrlas

Түркістан облысында “Жұмысшы мамандықтар жылы“ аясында жаңа жобалар жүзеге асады

admin123

Отырарда заманауи мақта өңдеу зауыты іске қосылды