«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

“BAUYRLAS” САЙТЫ СІЗДЕР ҮШІН немесе оқырманға айтар сөз

Құрметті оқырман, «BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты өздеріңізге рухани орда Түркістанның төрінен жол тартты.
Бұл бірегей сайт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосатын болады.
Басты мақсат – Мемлекет басшысының саясатын жүзеге асыра отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық жұмысын жандандыру, елімізде бірлік, достық, ынтымақтастықтың артуына үлес қосу, жалпыұлттық бірлік пен ұрпақтар сабақтастығына, ұлттық сананы қалыптастыруға және республика жастарының бойында қазақстандық патриотизмді нығайту. Сонымен қатар жаңалықтардың жаршысы бола отырып, халыққа пайдалы ақпараттық кеңестер беру және ҚХА тарапынан атқарылып жатқан бағдарламлардың аймақтарда қалай жүзеге асырылып жатқанынан жүйелі ақпарат тарату да біздің еншімізде. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер мен блогерлер клубының шығармашылық жұмысын насихаттау. “Bauylas.kz” сайты ҚХА ұйымдастыпуымен өтетін дәстүрлі “Шаңырақ”, “Қазақтану”, “Мың бала” сияқты әр түрлі өміршең жобаларды бірлесе жүзеге асырып, айшықты ақпараттандыруды мақсат етеді.
Бүгінде Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады. Республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, басқасын айтпағанда қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер 1-наурыз Алғыс айту мерекесі, 22-Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой секілді түрлі этностық мерекелерді тойлау дәстүрге айналды. Ұлт Бірлігіне жету басты мақсаттарымыздыың бірі болып табылады. Сондықтан «Bauyrlas.kz» сайты – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз ғана емес, осы бағытта жұмыс істейтін сайт болады. Бұл сайт – бізді біріктіреді және біртұтас етеді, сонымен қатар болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.
Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Бауырластар сайты Ассамблея қызметіндегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге ерекше маңыз береді.Сонымен қатар этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан елдің халықаралық беделінің өсуіне ықпал етеді. Бүгінде этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр. Бұл да біздің сайттың назарынан тыс қалмайды.
Сайттың негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы және этномәдени бірлестіктер арасында қарым-қатынасты кеңінен насихаттау. Бұл өз кезегінде ҚХА бөлімшелеріне тәжірибе алмасуға, іс-шараларды үйлестіруде көмек болады деген ойдамыз. Сондай-ақ сайт бетіндегі айдарлардан да көп мағлұмат алуға болады.
«Bauyrlas» сайты қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мен нығайтуда маңызды әдістемелік орталыққа айналатынына сенімдіміз. Береке, бірлік, ынтымақ пен татулықты ту еткен жастар да «Bauyrlas» назарында.
Тұрақты бірнеше айдары бар «Bauyrlas» сайты жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырып, халықтар арасындағы достықты одан әрі байланыстыратын алтын көпірге айналады деп білеміз. Сондай-ақ сайт бетінде Президент Жолдауынан өрбіген салиқалы пікір-пайымдармен қатар ҚХА мүшелерінің достықты ту еткен мақалалары, ақын, жазушы, ғалымдардың шығармалары ұдайы жарияланып тұрмақ.
Ең бастысы, біздің сайт еліміздің өзге де ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынасты нығайта отырып, кең ауқымды насихат құралына айналады. Сондықтан Сіздердің тараптан алдағы уақытта достық пен береке-бірлікті насихаттайтын мақалалар ұсынылса дейміз және жаңа өмірге жолдама алған «Bauyrlas» сайтын оқуды әрқашан ұмыт қалдырмайды деген сенімдеміз.
Тоқсан ауыз сөздің түйіні: «Bauyrlas» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайтының шығармашылық ұжымы жаңа Қазақстанның дамуына қызмет етеді!
«Bauyrlas» сайты — сіздер үшін!
Бауырлас бол, бауырым!

Бас редактор Ерсұлтан ӘМІРБЕК

Сәйкес жаңалықтар

ЕҢБЕКТІҢ ЕЛЕНУІ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТА АЛЫП ЗАУЫТТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

“ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАННЫҢ ЭТНОС ЖАСТАРЫНАН ҮЙРЕНСЕК БОЛАДЫ…”

Пікір жазу