Қазақтың жеріне кіндігі байланған Түркістан облысының этностарының елжандылығына қалай риза болмайсың?.. Бүгін бәріде белсенді. Олар елімізде маңызды саяси науқан – жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша республикалық референдумда елдік пен бірліктің үлгісін көрсетті.
Халқы тығыз орналасқан, түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан Түркістан облысында референдумға қатысу белсенділігі жоғары.
Барлық дауыс беру учаскелерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, дауыс берушілер ерекше рухпен өз таңдауларын жасауда. Бұл – елге деген құрметтің, ортақ жауапкершіліктің және жарқын болашаққа деген сенімнің көрінісі.
Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері де референдумға белсенді қатысып, ел дамуына бейжай қарамайтындарын көрсетті. Әртүрлі этнос өкілдерінің бір мақсатта бас қосуы – Қазақстандағы бірлік пен келісімнің айқын дәлелі.
✨ Әр дауыс – ел болашағына қосылған үлес.
✨ Әр азаматтың таңдауы – Қазақстанның ертеңін айқындайды.
🇰🇿 Бірлік бар жерде – береке бар.
Болашаққа бірге қадам жасайық!
ҚоғамдықКелісім
Референдум15наурыз
ТүркістанОблысы











