«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ЕЛДІҢ БАЛАСЫНЫҢ БӘРІ, ЕРҒАЛИДЫҢ БАЛАСЫ ЕМЕС…


Рүстем деген інім бар. Сөзі де, өзі де бөлекшелеу бір әлем. “Жол-жөнекей” түйген-білгенін әлеуметтік желіде ақтарыла айтып жүреді. Естір құлақ естіп жүр. Кей-кейде оймақтай ойларын бүкпесіз жазып та тұрады. Оқып тұрам. Жас пері. ҚазМУ-дегі журфакта білім алған жігіт. Биіктен көрінеріне бек сенімдімін. Шардарада әкімге баспасөз хатшысы болды. Қазір, “Достық үйінің” баспасөз хатшысы. Кәсіби журналист Sabit Tastanbekтің ізін жалғап, Түркістан Облысы Қоғамдық Келісімнің ақпаратын айдынға шығарып жүр. Тәп-тәуір талдап-сараптама жасайды. Біргеміз. Жақсы інімнің жақсы бір жазбасын көзім шалды. Жақсы ойлап, жақсы жазады. Бірақ, елдің баласының бәрі, көкпаршы Ерғалидың баласы емес ғой… Рустем Ерғалиұлы інімнің жазбасын бөліскім келді.
Бірге оқиық…

“БЕЙШАРА СЕЗІМ НЕМЕСЕ ЖОҒАЛҒАН ЭМОЦИЯ…”

“Байқасам адамның ішкі көңіл күйіне ғана байланысты күнде айнала өзгеріп отырады екен.

Көңілді болсаң айнала құлпырады, көңілсіз болсаң бүкіл әлем реніш пен қайғы сияқты түйіледі. Бұл – адам эмоциясының әсері.

Эмоция күшейіп, рухтанып, қуанғанда ғаламат күшке ие, бірақ бір сәтте сөніп, 2 миинуттан соң рухсыз, әлсіз, мүсәпір болып қаласың…
Ал адамның нағыз бойындағы күші мен қалыбын ұстайтын ақыл мен иман.
Сол үшін айтылған: «мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең»- деп…

АЙТПАҒЫМ: Бүгінгі ақпарат заманында бірінен кейін бірі шығып жатан рилстардың 1 минутта бірнешеуін көріп, түрлі эмоцияны сезініп үлгерген соң қайдан мінез тұрақты болсын…

Айналаға қарасаң қабағы түйілген, өмірден шаршаған адамдар.. Негізі басында нақты проблема жоқ, бірақ Тикток пен Инстаграммнан көрген әрбір нәрсенің әсерінен ішкі эмоциясы тынған.

Қуанайын десе де, ренжиін десе де ұзаққа бармайтын өтірік сезімдердің ортасында бейшара күй кешіп жүрген бір адам…

Ал самартфонсыз таза табиғат, мейірім, әрбір сәттің кіршіксіз таза адами сезімдердің дәмін көрмеген қоғамның мәні қашпай ма…”- дейді Рүстем інім.
Айтпақшы, ізденімпаз Рүстем інім “Достық үйінің туын желбіретіп, “BAUYRLAS” сайтының бойына қан жүгірте бастады.
Жазарың көбейсін бауырым!

Ерсұлтан Әмірбек
Журналист

“BAUYRLAS-ақпарат”

Сәйкес жаңалықтар

ҚЫЗ ЖІБЕК РӨЛІН СОМДАҒАН ДАҢҚТЫ АКТРИСА МЕРУЕРТ ӨТЕКЕШОВА ТҮРКІСТАНҒА КЕЛДІ

Тоқаев Ұлттық банк жұмысы туралы айтты

admin123

“БӘДІК” САПЫРУ КІМГЕ КЕРЕК?…