«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

“ҚАЛАНЫ ДА, ДАЛАНЫ ДА КӨГАЛДАНДЫРУ КЕРЕК…”

Көктем айы көгалдандыруға күш салатын мезгіл. Түркістан өңірінің жұрты тал, ағаш егуде елдіктің үлгісін көрсетіп, жұмыла жұмыс істеуде. Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Сарыағаш ауданында «Жасыл аймақ» бастамасы шеңберінде ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты – өңір аумағын көгалдандыру, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындар мен жастар арасында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру. Аталған шараға 100-ге жуық ерікті жастар мен белсенді тұрғындар қатысып, 200-ге жуық тал көшетін отырғызды. Қатысушылар аумақты абаттандыру жұмыстарына атсалысып, ағаш көшеттерін отырғызды.

«Бұл шара — қоршаған ортаны қорғауға және өңірдің жасыл желегін көбейтуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Сонымен қатар, мұндай шаралар жастарды қоғамдық жұмыстарға тартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясындағы көгалдандыру және тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бұл бастаманы облыстың белсенді жастары бірауыздан қолдайды» — деді облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев.


Қоршаған ортаны көркейту көптің ісі. Қаланы да, даланы да көркейту — ортақ мақсат. Мақсатты болу, жақсатты болу борышымыз.

Сәйкес жаңалықтар

ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІ ЖАСТАРМЕН ПІКІР АЛМАСТЫ

Redaktor Bauyrlas

“Нысандар құрылысы қатаң бақылауда“: Түркістан облысында тағы бір “Жайлы мектеп“ салынып бітті

admin123

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА

Redaktor Bauyrlas