«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

«ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАДІРЛЕУДІ, ТҮРКІСТАННАН ҮЙРЕНУ КЕРЕК…”


Түркістанның қазағы да, қазақ емесі қазақшаға шорқақ емес. Түгел дей алмаймыз. Дегенде, мемлекеттік тілді меңгеңгеруге мейлінше пейілді жандар басым. Әсіресе, “Достық үйі” қазақ тілінің туын биік ұстап жүр. Этнос өкілдер қазақша сөйлеу былай тұрсын, қазақтың қара домбырасын шертіп, ән айтып, жыр оқып жүр. Тіпті, арасында асық атып, ләңгі теуіп жүрген этностарды да жиі кезіктіреміз.
Айтпақшы….
Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасы аясында «ТІЛ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТҰҒЫРЫ» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдық маңызын арттыру, этносаралық келісім мен бірлікті нығайту, сондай-ақ тілдік саясатты жүзеге асыру бағытындағы ой-пікірлерді ортаға салу.

Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Көпжасарұлы Баетов жүргізді.

Отырыс барысында спикерлер келесі бағыттар бойынша мазмұнды баяндамалар жасады:
🔹 мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырудағы қазақ тілінің ұлттық корпусының рөлі;
🔹 тіл туралы заңнаманы насихаттау арқылы қоғамдық бірлікті қамтамасыз ету;
🔹 мемлекеттік тілдің этносаралық қатынастардағы және ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы маңызы.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, білім беру ұйымдарының педагогтері мен тіл мамандары, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның қоғамдағы рөлін күшейту бағытында ұсыныстар айтылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы екендігі атап өтілді.

ҚоғамдықКелісім

ҚазақстанХалқыАссамблеясы

МемлекеттікТіл

Түркістан

Сәйкес жаңалықтар

ҚЫДЫР- АТА “ҚЫДЫРЫП” ЖҮРГЕН ЖОҚ ТҮРКІСТАНДА….

Redaktor Bauyrlas

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР

ЕЛДІКТІҢ ҮЛГІСІН КӨРСЕТКЕН РЕФЕРЕНДУМ БОЛДЫ