«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

МҰЗБАЛАҚ АҚЫН – МҰҚАҒАЛИДЫҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

Түркістан төрінде қазақ поэзиясының мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мұзбалақ ақын – Мұқағали» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

«Достық үйінде» өткен тағылымды шара поэзия сүйер қауымға ерекше әсер сыйлап, жыр әлеміне жетелеген рухани кездесу болды.

Кеш барысында:


– Іс-шараны Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Ерназар Көпжасарұлы Баетов ашып, ақын мұрасының мәні мен маңызына тоқталды.
– Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді.
– Ақын сөзіне жазылған «Саржайлау», «Сенің көзің», «Мен деп ойла», «Жас қайың», «Туған өлке» әндері шырқалып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
– Жас буын өкілдері ақынның жүрек тербетер өлеңдерін нақышына келтіре оқып, поэзияға деген құрметтерін көрсетті.
– Кеш соңында белсенді қатысушылар марапатталды.

Шараға «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктер мүшелері, Ассамблея жастары, студенттік Ассамблея өкілдері және этнос жастары рухани кештің куәсі болды.

Бұл кеш – Мұқағали жырына деген құрметтің, ұлт руханиятына деген жанашырлықтың жарқын көрінісі болды.

«Поэзия – менімен егіз бе едің?» деп жырлаған ақын мұрасы – мәңгілік. Мұқағали жыры халқымен бірге жасай береді.

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА САРБАЗДАР ОТАН АЛДЫНДА ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

ТҮРКІСТАНДА АССАМБЛЕЯ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ МЕН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖАРҚЫНБЕК ҚҰЛБАЙЫМБЕТОВТІ 85 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ