
Сауран ауданында пробация есебіндегі азаматтармен түсіндіру кездесуі өтті
Сауран ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен пробация есебінде тұрған азаматтарды қабылдау және құқықтық түсіндіру мақсатында кездесу өтті.
Іс-шара барысында аудан прокуроры сотталған азаматтармен жиналыс өткізіп, жаза өтеу тәртібі, пробациялық бақылау талаптары және заң талаптарын сақтау мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме берді.
Кездесуде сондай-ақ сотталған азаматтардың құқықтары мен міндеттері, белгіленген тәртіпті бұзған жағдайда қолданылатын шаралар нақты айтылды. Қайта құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамға бейімделу және заңға бағыну мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиналыс аяқталғаннан кейін аудан прокуроры әрбір азаматты жеке қабылдап, олардың жеке мәселелерін тыңдады. Барлық өтініштер назарға алынып, заң аясында тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – пробация есебіндегі азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жаза өтеу тәртібін дұрыс түсіндіру және олардың қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсету.



