«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
АймақЖаңалықтар

Түркістан облысында “Жұмысшы мамандықтар жылы“ аясында жаңа жобалар жүзеге асады

Түркістан облысында “Жұмысшы мамандықтар жылы“ аясында жаңа жобалар жүзеге асады

2025 жыл — «Жұмысшы мамандықтар жылы». Түркістан облысында жыл аясында жаңа жобалар жүзеге асырылып, 6 бағыт бойынша 60 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жұмысты аса жанашырлықпен, жауапкершілікпен қолға алуды тапсырды. Ол үшін жәй сөз емес, сілкініс қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осыған байланысты, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жұмысшы тобының отырысы өтті. Онда «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу бойынша іс-шара жоспары қаралып, толықтырулар еңгізу бойынша ұсыныстар тыңдалды.

Түркістан облысында “Жұмысшы мамандықтар жылы“ аясында жаңа жобалар жүзеге асады

Түркістан облысы әкімінің орынбасары аудан, қала әкімдіктері мен салалық басқармаларға нақты жоспар жасап, жыл бойы жүйелі әрекет етуді тапсырды. Ол есеп үшін өткізілетін шаралар қажет емес екенін баса айтты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмаларының орындалуы жіті бақылауда тұр. Мемлекеттік механизмдерді біртұтас іске қосу үшін бізге осындай бастамалар қажет. Мұны «бірреттік шара» деп қабылдауға болмайды. Есеп үшін өткізілетін шаралар қажет емес. Жұмысты аса жанашырлықпен, жауапкершілікпен қолға алыңыздар. Еңбек адамдары біздің өңірде жеткілікті. Мемлекеттік грант арқылы кәсіп ашқан, «Ауыл аманаты» бағдарламасының рахатын көріп жатқан азаматтар мен облыс экономикасын дамытуға үлес қосып келе жатқан шаруалар бар. Олардың еңбегі елене бермейді. Жұмысшылардың беделін арттыру, еңбегін насихаттауға баса мән беру керек. Жәй сөз емес, сілкініс қажет», – деді Бейсенбай Дәулетұлы.

Түркістан облысындағы 50 колледждің 30-ында кәсіптік мамандық иелері даярланады. Жұмысшы мамандықтары оқытылады. 40 мыңнан астам студент техникалық және кәсіптік білім алады. Өңір колледждеріне биылғы оқу жылында да 15 мыңнан астам грант бөлінеді.

Жиында Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай 6 бағыт бойынша 60 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Жоспарда әр басқармаға нақты міндеттер жүктелген. Атап айтқанда, кәсіби мерекелерді жоғары деңгейде атап өту, кәсіптік бағдар беру жұмысы мен экскурсиялар ұйымдастыру, жұмысшы мамандықтарының жас көшбасшыларының қатысуымен облыстық форумдар, шеберлік сайыстарын, кадрларды даярлау бойынша облыстық және республикалық деңгейде сессиялар өткізу, кадрларға қажеттіліктің өңірлік карталарын әзірлеу, жұмысшы адамның бейнесін танымал ету, үздік мамандар байқауларын өткізу жоспарланып отыр.

«Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу бойынша атқарылып жатқан нақты жұмыстар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей қадағалауында болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал

Сәйкес жаңалықтар

“АРЫЗДЫҢ ДА ТҮР-ТҮРІ БАР…”

ТҮРКІСТАНДА ТАТУЛЫҚ ПЕН КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА КЕЛЕЛІ ЖИЫН ӨТТІ

“Нысандар құрылысы қатаң бақылауда“: Түркістан облысында тағы бір “Жайлы мектеп“ салынып бітті

admin123

Пікір жазу