«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

“ТҮРКІСТАННЫҢ МҰНЫСЫ НЕСІ?…”


Түркістан —рухани Астана! Ендеше, ел-жұрт көне қаладан руханияттың рухын сезілуі керек. Ұлттық құндылық, ұлттық өнер мен дәстүрді дәріптеуден аянатын ештеңе жоқ. Бүгін Түркістанда 500 домбырашы күмбірлетіп күй тартты. Ғажап көрініс. Қазақтың үні — домбыраның шанағында шыққанын естіген ел “Түркістанның мұнысы несі?..”- деп, сөкпейді, қайта қуанады. Қазақтың домбырасын қолға алған балалар — елге рух берді. Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бастаған жігіттерге рахмет. Бүгін олар облыстың өнерлі домбырашыларын жиып, ұлтқа және ұлттық өнерге қызмет еткеніне қуандық. Бәрекелді. Наурызды — Наурызға бөлеген Түркістанға ризамын!
“Түркістанның мұнысы несі?”- деп сөгетін емес, “Түркістанның мұнысынан үйренейік”- дейтін күніміз көбейсін! Түркістанға — әр қазақ тілеулес!

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда экологиялық таза өнім өндіретін кәсіпорынның құрылысы басталды

Redaktor Bauyrlas

НҰРАЛЫ ӘБІШ —КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ

ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ