2026 жылғы 19 ақпанда киелі Түркістан қаласында Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ел бірлігі» депутаттық тобының отырысы өтті.
🗣 Кездесуді «Ел бірлігі» депутаттық тобының төрағасы Сәлімов Алмас Алтайұлы жүргізді. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған Жаңа Конституция бойынша референдумның маңызы кеңінен сараланды.
📅 15 наурызда өтетін референдум – елдің тұрақты дамуы мен жарқын болашағына бастайтын стратегиялық қадам екені ерекше атап өтілді. Бұл – қоғам бірлігін нығайтып, әр азаматтың жауапкершілігін арттыратын тарихи мүмкіндік.
🎙 Жиында облыстық мәслихат депутаты, Айғақ телерадио компаниясы директоры Әбіш Дулат Назарбекұлы сөз алып, Жаңа Конституцияның Преамбуласы мен негізгі өзгерістеріне тоқталды. Сондай-ақ, депутаттық топ мүшелері Жанар Темірбекова және Инара Намазбаева мен Түркістан Облысы Қоғамдық Келісім мекемесі басшысы Эльмира Жангазиева
халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңызын атап өтті.
🤝 Қатысушылар ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдіріп, өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
✨ Жиын қорытындысында қоғамның бірлігі мен белсенділігі – мемлекеттің тұрақты дамуының басты кепілі екені айтылды.
🇰🇿 Бірлік пен жауапкершілік – жарқын болашақтың берік негізі!





