«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

«ЕЛ БІРЛІГІ» — ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ

2026 жылғы 19 ақпанда киелі Түркістан қаласында Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ел бірлігі» депутаттық тобының отырысы өтті.

🗣 Кездесуді «Ел бірлігі» депутаттық тобының төрағасы Сәлімов Алмас Алтайұлы жүргізді. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған Жаңа Конституция бойынша референдумның маңызы кеңінен сараланды.

📅 15 наурызда өтетін референдум – елдің тұрақты дамуы мен жарқын болашағына бастайтын стратегиялық қадам екені ерекше атап өтілді. Бұл – қоғам бірлігін нығайтып, әр азаматтың жауапкершілігін арттыратын тарихи мүмкіндік.

🎙 Жиында облыстық мәслихат депутаты, Айғақ телерадио компаниясы директоры Әбіш Дулат Назарбекұлы сөз алып, Жаңа Конституцияның Преамбуласы мен негізгі өзгерістеріне тоқталды. Сондай-ақ, депутаттық топ мүшелері Жанар Темірбекова және Инара Намазбаева мен Түркістан Облысы Қоғамдық Келісім мекемесі басшысы Эльмира Жангазиева
халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңызын атап өтті.

🤝 Қатысушылар ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдіріп, өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

✨ Жиын қорытындысында қоғамның бірлігі мен белсенділігі – мемлекеттің тұрақты дамуының басты кепілі екені айтылды.

🇰🇿 Бірлік пен жауапкершілік – жарқын болашақтың берік негізі!

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында “Жұмысшы мамандықтар жылы“ аясында жаңа жобалар жүзеге асады

admin123

РЕФЕРЕНДУМ ӨТЕТІН 15 НАУРЫЗ ТАРИХИ КҮН РЕТІНДЕ ТАҢБАЛАНБАҚ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГРАРЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Redaktor Bauyrlas