«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯ ЖИЫНЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ БІРТҰТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің бірлескен отырысы өтті.
Бірлікті бекемдеген басқосуға Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдардың төрағалары мен мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы мен аудан, қалалардағы филиалдарының басшылары, аудан, қалалардағы ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, облыстық білім, денсаулық, мәдениет басқармасының, полиция департаментінің, БАҚ-тың өкілдері қатысты.
Жиында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев ҚХА-ның 30 жылдығы аясында өңірде өтетін іс-шаралардың дайындық барысына тоқталды.
— Бірлік, татулық және ынтымақ – елдігіміздің мызғымас тұғыры әрі мемлекетіміздің басты құн­дылығы. Биыл еліміздегі этносаралық татулық пен бірліктің нығаюында ерекше орын алатын Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толып отыр. Облыста мерейлі датаны мемлекеттілікті нығайту деңгейінде өткізуге баса мән берілуде. Бұл ретте, өңірімізде «Қоғамдық келісім» КММ-і тарапынан Ассамблеяның құрылған күні және Алғыс айту күніне байланысты 10 күндік шара ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, облыс әкімдігінің қолдауымен 30 жылдық аясында өңірімізде ұйымдастырылатын 34 жоба ұсынылып, мақұлданды. Оның ішінде ел бірлігін нығайтуға екпін беретін бірнеше телевизиялық жобалар бар. Сонымен бірге, мерейтойлық жылға байланысты облыстық Ассамблеяның құрылып, қалыптасуына үлес қосқан азаматтар туралы арнайы кітап шығару жоспарланған, — деді Ерлан Бақытжанұлы.
Келелі кеңесте Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов пен ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова өңіріміздегі бірлік пен тұрақтылықты нығайту, этносаралық келісімді жандандыру, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында байыпты баяндама жасады.
Жиын қатысушылары Түркістан облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің, этносаралық тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың облыс аумағында іске асуымен танысып, алдағы атқарылатын жұмыстар жайын талқылады.
Басқосу сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Кездесуді қорытындылаған басқарма басшысы Е.Күзембаев халықтың бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді сақтау және Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды жобаларын жүзеге асыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП – ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА

Redaktor Bauyrlas

Жұманғарин қосылған құн салығы мөлшерлемесін көтеру бағаға қалай әсер ететінін түсіндірді

admin123

ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Пікір жазу