Солай дейді. Кім?.. “Солай”- деп, кітап шығарыпты Әулие-аталық Асқарбек көкем. Иә, Жамбыл топырағында әріптес аға-іні болып сыйластық. Мені інім деп іштарқан Асқарбек Сейілхан көкем көпке сыйлы жан. Әртістігі бөлек әңгіме. Журналистикада біраз шәкірт тәрбиелеген ұстаз. Жаңа кітап құтты болсын. Сүйінщі жаңалықты Бақытжан Советұлынан естідім.
Бақытжан бүйдейді:
“Аузын айға білеген адуынды редактор Шерхан Мұртазаның Жамбыл телерадиосында қарапайым хабар жүргізуші, редактор болып істегені білесіз бе? Басына бұлт үйірілген қиын кезеңде Шерағаңды қызметке алған кім?
Жамбыл телеарнасында «Шер-ағаң сағатын» кім жүргізді? Шер-ағаң шер тарқатқан бұл хабарда қандай мәселелер көтерілді?

Ел үшін Елбасын алдап,әріптесін қорғап,шаруаларды қолдап, кәсіпкер боп тікелей эфирде Назарбаевқа сәлем жолдаған жанды білесіз бе? Театр мен телеарна. Артистіктен журналистікке дейінгі жол. Балалық шақтан данагөйлік жасқа дейінгі ғұмыр. Мағыналы өмір,құнды кітап. Шерағаңның шекпенінен шықпаған Асекеңнің Шер-ағаң жайлы шындығы.
Дәл бүгін киелі 7 санымен қоса 5-ті бағындырып отырған Ас-ағамның өлмес мұрасы,тың туындысы мерейтойы күні дүниеге келіп,қолына тиіп отыр. Қос қуаныш құтты,денсаулығыңыз мықты болсын,Ас-аға! МЕРЕЙЖАСЫҢЫЗБЕН!
(Өзім редакторлық жасап атсалысқан кітаптың тура Ас-ағаның туған күніне орай жеделдетіп шығуына бар күш қуатын жұмсаған «Үш қиян» баспасының директоры баспагер, журналист досым Махмут Қосмамбетовке шексіз алғысымызды білдіреміз!Кітап жылында кітап оқиық ағайын”- дейді әріптес іні-досы Бақытжан Советұлы.
Баршаға бауырмал Асқарбек аға жаңадан жарық көрген туындыңыз өз оқырманын тапсын. Сізге бауырластық көңілмен құтты болсын айтамын!
Ерсұлтан Әмірбек
“BAUYRLAS.kz”

