«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП СОЗАҚ ЖӘНЕ ОТЫРАР АУДАНДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Бейбітшілік және келісім» жобасына сәйкес, Түркістан облысының этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде семинар өткізу жоспарланған.
Осы орайда, Созақ және Отырар аудандарында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің тұрғындар арасындағы кездесу мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары өтті.
Аталған кездесу «Қазақстан бірлік пен тұрақтылық мекені», «Қоғамдағы ішкі тұрақтылық, ауызбіршілік, этносаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселесінде діннің алатын орны», «Әскери міндет саласындағы заңнамаларды орындау қажеттілігі» тақырыптарында өткізілуде. Сондай-ақ «Қоғамдағы этносаяси ахуал және этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды.
Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Х. Исақов, Түркістан облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінің, аудандық ішкі саясат бөлімдерінің жауапты өкілдері, ҚХА құрылымдары төрағалары мен мүшелері, ауыл ақсақалдары, этномәдени бірлестік мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

Сәйкес жаңалықтар

ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ

ТҮРКІСТАН: ХҚТУ-ДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ БАҒЫТЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТІП ЖАТЫР

Пікір жазу