«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ ӨТЕТІН 15 НАУРЫЗ ТАРИХИ КҮН РЕТІНДЕ ТАҢБАЛАНБАҚ


15 наурыз қазақ елі үшін тарихи күн ретінде таңбаланбақ. Жақсы күннен үміт күтейік. Президент Қ.Тоқаевтың серпілісімен ойға алған мақсат-мұраттың ел игілігіне ертерек орындалуын қалайтын елміз. Жаңа Конституция жобасы ел талқылауына түскелі әр азамат өз ой-пікірі мен жеке көзқарасын ашық пікір білдірді. Қоғам талқысына түсіп, 130 сарапшы мен саяси ой қосудан шет қалмаған дүйім жұрттың қатысуымен талданып-таразыланған жаңа Конституция жобасын бүкіл халық болып мақұлдайтын уақыт күні белгіленді. Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды. Созбалаңға соза бермей, Референдумды ертерек өткізу туралы Президент Қ. Тоқаевтың шешімін қолдаймын. 15 наурыз күні Референдум арқылы жаңарып, жаңғыратын жаңа Конституциямыз Қазақстанды жарқын болашаққа бастайды деп сенемін. Елімізде бейбіт өмірді орнатып, халықтың әл-аухатын арттыруға нық қадам басар берекелі күн болсын!

Ерсұлтан Әмірбек,
Түркістан облысы ҚХА Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Ұлттық банк жұмысы туралы айтты

admin123

ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА МЫҢЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫМЫЗ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ РЕТІНДЕ ЖАЗЫЛДЫ

Сауран ауданында пробация есебіндегі азаматтармен кездесуі өтті

Redaktor Bauyrlas