«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ТЕГІН ЖҮРЕДІ

15 наурыз күні өтетін республикалық референдум аясында Түркістан қаласының тұрғындары үшін қоғамдық көлікте тегін жол жүру ұйымдастырылады.

Аталған шара азаматтардың маңызды саяси науқанға қатысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынған. Референдум өтетін күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлік қызметін ешқандай ақысыз пайдалана алады.

Тегін жол жүру мүмкіндігі қаланың барлық автобус бағыттарын қамтиды. Осылайша тұрғындар сайлау учаскелеріне еш кедергісіз жетіп, өз таңдауларын жасауға мүмкіндік алады.

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯ ЖИЫНЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ БІРТҰТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТУ ТЕТІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан – халықаралық туристік орталыққа айналуда

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ӨТТІ