«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

«ГРАДО» ЖОБАЛАУ ФИРМАСЫ» ЖШС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН АРНАЙЫ ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ

Шымкент – қарқынды дамып келе жатқан мегаполис. Қала халқының саны жыл сайын тұрақты өсіп, тұрғын үй құрылысы қарқын алып, өндірістік аймақтар кеңейіп келеді. Сондықтан қаланың барлық тіршілік жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін инженерлік инфрақұрылымды озық қарқынмен дамыту – басым міндет болып қала береді.
Осыған байланысты салалық басқармалар, сарапшылар және «ГРАДО» жобалау фирмасы» ЖШС өкілдерінің қатысуымен арнайы жиналыс өткіздім. Жиында қаланың Бас жоспарына сәйкес инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы шешімдер қаралды.
Сонымен қатар сумен жабдықтау жүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жаңа су алу нысандарын салу, магистральды су құбырларын жүргізу және резервтік қуат көздерін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар қарастырылды. Сондай-ақ кәріз жүйесін жаңғырту және оны кезең-кезеңімен кеңейту арқылы қамтылмаған шағынаудандарды қосу шаралары пысықталды.
Бұдан бөлек, газбен жабдықтау жүйесін дамытуға қатысты шешімдер қаралып, жаңа газ тарату станцияларын салу және газ жеткізудің сенімділігін арттыру тетіктері талқыланды. Электрмен жабдықтау бөлігінде жаңа қосалқы станция салу, бу-газ қондырғысын іске асыру және жүктеме артқан жағдайда энергия жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін желілерді сақиналау жобаларымен таныстым.
Жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту, жаңа қазандықтар салу және жаңадан бой көтеріп жатқан аудандарда магистральды жылу желілерін дамыту мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Сонымен қатар қаланың біртұтас сәулеттік келбетін қалыптастыру және қалалық ортаны жүйелеу құралы ретінде бірыңғай дизайн-кодты енгізу барысы талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша салалық басқармаларға жобалық шешімдерді қала құрылысы қарқынымен үйлестіру және жоспарланған іс-шараларды кезең-кезеңімен іске асыру жөнінде тиісті тапсырмалар бердім.

Сәйкес жаңалықтар

Жаңа Конституция Жобасы жайында пайым

РЕФЕРЕНДУМ ӨТЕТІН 15 НАУРЫЗ ТАРИХИ КҮН РЕТІНДЕ ТАҢБАЛАНБАҚ

Халықаралық «Jibek Joly» туристік пойызы алғаш рет Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанды байланыстырады

Пікір жазу