«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Алматы қаласында ҚХА-ның 30 жылдығына арналған республикалық конференция өтті

2025 жылғы 18 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай этномәдени бірлестіктердің «Қазақстан – бейбітшілік пен бірліктің кепілі» атты республикалық конференциясы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, ҚХА мүшелері, қоғамдық құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, өңірлік Достық үйлерінің өкілдері, сондай-ақ Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева қатысты.

Пленарлық отырыс барысында қоғамдық келісімді нығайту, этномәдени бірлестіктердің әлеуетін арттыру және Қазақстан халқы Ассамблеясын бірегей қоғамдық институт ретінде одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Қатысушылар қоғамдық диалогты дамыту, мәдени және әлеуметтік бастамаларды іске асыру, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру бағытында пікір алмасты.

Конференция барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамды топтастыру, бірлік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы үйлестіруші рөлі ерекше атап өтілді.

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» БАУЫРЛАСТЫҚ ПЕН БІРЛІКТІ НЫҒАЙТАТЫН ҚОҒАМДЫҚ ШАРАЛАРҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСАДЫ

Redaktor Bauyrlas

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 600 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА БІЛІМ ОРДАСЫ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ӨТТІ