«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Бәйдібек ауданындағы Жұлдыз ауылы таза ауыз сумен қамтылды

– Түркістан облысында тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен қамту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асуда. Соның аясында Бәйдібек ауданына қарасты Ағыбет ауылдық округіндегі Жұлдыз елді мекенінде магистральды ауыз су жүйесі пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды нысанның іске қосылуымен құттықтады. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ауданда елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып жатқанын атап өтті.

Жаңа су жүйесі арқылы Жұлдыз ауылындағы 65 тұрғын үй мен инфрақұрылымы тартылған 39 жер телімі ауыз сумен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде 367 тұрғын тұрақты әрі сапалы ауыз суға қол жеткізді.

Қазіргі таңда Бәйдібек ауданындағы елді мекендердің 100 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Сонымен қатар ауданда «Шаян – Жамбыл – Танатар» бағытындағы магистральды су құбыры мен су тазарту қондырғысын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Бұдан бөлек, Кеңестөбе, Амансай, Жыланды, Сарыбұлақ, Мыңбұлақ, Тұрақты, Жаңаталап, Ақтас, Кеңсай, Қошқарата, Теректі, Шалдар, Жарықбас және Алмалы елді мекендерінде ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда. Ал Жаңаталап пен Жұлдыз ауылдарында ауыз су жүйелерінің құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ биыл Боралдай, Ағыбет, Жамбыл және Түйетас елді мекендеріндегі ауыз су жүйелерін қайта құруға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Бұл нысандар 2026 жылға өтпелі жоба ретінде жүзеге асырылуда.

Өңірде халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен іске асырылады.

Сәйкес жаңалықтар

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЕРЕКШІ КҮТІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ДОСТЫҚТЫ ДӨҢГЕЛЕТКЕН “ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ”

Redaktor Bauyrlas

ТҮРКІСТАН: «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» БАУЫРЛАСТЫҚ ПЕН БІРЛІКТІ НЫҒАЙТАТЫН ҚОҒАМДЫҚ ШАРАЛАРҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСАДЫ

Redaktor Bauyrlas