«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сарыағаш аудандық филиалында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған еркін форматта дөңгелек үстел өтті.
Бас қосуға этномәдени бірлестік төрағалары, Сарыағаш аудандық филиал қызметкерлері және студенттер қатысты.
Жиынның мақсаты – еліміздегі этносаралық келісім мен ынтымақтастықты арттыру арқылы, түрлі этникалық топтардың мәдениеттері мен дәстүрлерін сыйлауды насихаттау.
Жиын барысында этномәдени бірлестік төрағалары сөз алып, Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнағанын жеткізді. Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалғанын тілге тиек етті.
Халық арасында мәдениет аралық диалогтың артуы, жаңа кезеңнің бастауы екенін жеткізді.Сондай-ақ, аудандағы этносаралық ынтымақтастықтағы қоғамдық келісім, бірліктің сақталғанын атап өтті.
Кездесу соңында алдағы жоспарлар легіне жан-жақты талдау жасалып, өзара ынтымақтастықтың даму жолында қарқынды жұмыстардың жалғасын табатындығымен қорытындыланды.

Сәйкес жаңалықтар

«ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ.

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінің толық мәтіні және видеосы

admin123

Пікір жазу