«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ — ҚОҒАМНЫҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ

Бүгінгі үлкен жаңалық. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Алғашқы сессиясын 2026 жылғы 23-24 қыркүйек күндерінде Астана қаласында өткізбек. Ел сенім артқан жаңа құрылымнан мол үміт күтудеміз. Себебі, бұл Халық Кеңесі — жаңа Ата заң негізінде қоғамның дамуына тың серпіліс берер бірегей кеңес болмақ.
ҚР Конституциясына сайкес Қазақстан Халық Кеңесі — ҚР халқының мүдделерін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган болып саналады.
Кеңестің құрамына еліміздің 126 азаматы кірді,оның 42-сі этномәдени бірлестіктерден, 42-сі қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардан, ал 42-сі өңірлік мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден жасақталды. Кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі — 4 жыл.
Ата Заңның талаптарына сай Қазақстан Халық Кеңесіне негізінен Мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары бойынша жалпыұлттық диалог ұйымдастыру мен қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайтуға қатысты ұсыныстар әзірлеу міндеттері жүктеліп отыр.
Қазақстан Республикасының Құрылтайына заң жобаларын енгізу мен халыққа қажетті өзекті мәселелер бойынша референдум өткізу туралы бастама көтеру құқықтары да берілген.
Демек, жаңадан дүниеге келген Қазақстан Халық Кеңесі — ақыл-оймен, парасат биігінен көрініп, қоғамның қозғаушы күші болмақ деген ниеттеміз.
Мемлекет басшысы сенім артқан жаңа құрылым — Қазақ елінің экономикасын құтайтып, өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосады деген ойдамыз. Ең бастысы — Халық кеңесі — Халық ішінде ізгілік пен игілікке бастамашы болсын деп тілейміз.

Ел сенім артқан Қазақстан Халқын Кеңесінің жаңа басталған жұмысына жарқын жемістер тілейміз!

Ерсұлтан Әмірбек, журналист

ҚР_Конституциясы

ҚазақстанХалықКеңесі

Заңментәртіп

Әділетті_Қазақстан

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНГІЗІЛГЕН АЛҚАПТЫ 164 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖЕТКІЗУ КӨЗДЕЛГЕН

Redaktor Bauyrlas

ЖАНАР БЕКТАЕВАДАН — ЖАҢА БАСТАМАЛАР КҮТІҢІЗ

«ЕЛ БІРЛІГІ» — ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫ ҚОЛДАЙДЫ