«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

“ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ ТІЗІМІН МҰҚИЯТ ОҚЫП ШЫҚТЫМ….”


Қазақстан Халық кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Ол, міндетті адалынан атқарып, ел алғысына бөлену оңай шаруа емес. Дегенмен де, Халық кеңесі құрамына ел арасында абырой беделі бар, білікті де, білгір тұлғалардың топтасуы көңіл қуантады-дейді Қазақстан Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев. Ол бүйдейді:

Тізімді мұқият қарап шықтым. Жалпы алғанда, жаңа конституциялық органның құрамын қалыптастыруда қоғамдық өкілдікпен қатар кәсібилікке, тәжірибеге және өңірлік теңгерімге мән берілгені байқалады.

Ең алдымен, 42+42+42 формуласы толық сақталған. Яғни, этномәдени бірлестіктерден – 42, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де үкіметтік емес ұйымдардан – 42, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден – 42 өкіл. Бұл – бір ғана қоғамдық топтың басымдығына жол бермей, әртүрлі пікірлерді бір алаңда тоғыстыруға мүмкіндік беретін модель.

Екінші ерекшелік – тәжірибе мен жаңа есімдердің үйлесуі. Кеңес құрамында бұрын Ұлттық құрылтайда, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияда жұмыс істеген азаматтар, әр жылдары Парламент депутаты болған тәжірибелі саясаткерлер бар. Сонымен бірге республикалық деңгейдегі осындай үлкен қоғамдық алаңға алғаш рет шығып отырған жаңа тұлғалар да аз емес.

Үшіншіден, өңірлердің дауысына айтарлықтай орын берілген. Құрамның үштен бірінен астамы еліміздің барлық өңірлерінен келген өкілдер. Бұл Халық Кеңесіне тек Астана деңгейіндегі мәселелермен шектелмей, аймақтардағы нақты проблемаларды тұрақты түрде көтеруге мүмкіндік береді.

Кәсіби құрам да сан салалы. Ғалымдар, ұстаздар, дәрігерлер, заңгерлер, кәсіпкерлер, өндіріс өкілдері, журналистер, мәдениет және спорт қайраткерлері, IT және креативті индустрия мамандары, экологтар, волонтерлер, кәсіподақ пен азаматтық сектор өкілдері бар. 20-дан астам этностың өкілдері қамтылған. Әйелдердің үлесі – 32 пайыз, жастардың да өз өкілдігі бар.

Меніңше, мұның бәрі бір маңызды қағидатты көрсетеді: Халық Кеңесі тек белгілі тұлғалар жиналған мәртебелі алаң емес, қоғамның әртүрлі топтарының үнін мемлекеттік шешімдер деңгейіне жеткізетін жұмыс органы болуы керек.

Әрине, кез келген институттың бағасын оның құрамы ғана емес, атқарған жұмысы береді. Ендігі басты мәселе – осы әлеуетті тиімді пайдалану, ашық пікірталас қалыптастыру, өңірлер мен қоғамнан көтерілген мәселелерді нақты ұсыныстар мен шешімдерге айналдыру.

Қазақстан Халық Кеңесінің барлық мүшесін жауапты міндетпен құттықтаймын!

Ел сенімін ақтап, қоғамдық келісім мен мемлекет дамуына қызмет ететін нәтижелі бастамаларыңыз көп болсын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

АТАНЫҢ СӨЗІ-АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛІМІЗДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Redaktor Bauyrlas