«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА «ДОСТЫҚ ҮЙІ» ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сайрам ауданында ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды әлеуметтік-мәдени нысан – «Достық үйі» пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібеков, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов,облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев қатысып, аудан тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтады.

Бүгінде халқы 242 мыңнан асатын Сайрам ауданында 39 этнос өкілі тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ауданда 8 этномәдени орталық тұрақты жұмыс істейді.

Жаңа «Достық үйі» этносаралық келісімді нығайтып, қоғамдық бірлікті арттыруға, мәдени байланыстарды дамытуға қызмет ететін маңызды рухани әрі қоғамдық алаң болмақ.

Ел бірлігі – ең басты құндылығымыз!

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 7 МЫҢНАН АСА ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКЕН

Redaktor Bauyrlas

Түркістан облысында “Жұмысшы мамандықтар жылы“ аясында жаңа жобалар жүзеге асады

admin123

ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІ ЖАСТАРМЕН ПІКІР АЛМАСТЫ

Redaktor Bauyrlas