«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫНЫҢ» I ТОҚСАНДЫҚ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің I тоқсандық отырысы ұйымдастырылды.

Жиынның басты мақсаты – жастар арасындағы достық пен бірлікті нығайту, этносаралық келісімді дәріптеу, сондай-ақ 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту болды.

Отырысқа Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің облыстық, қалалық және аудандық төрағалары мен белсенді мүшелері, Қазақстан халқы Студенттік ассамблеясының төрағалары мен мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы Хасантаев Нодиржон Акмалжанұлы ашып, модераторлық етті.

Жиында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жанғазиева Эльмира Ұласбекқызы «Түркістан Болашақ» жоғары көпсалалы колледжінің Қазақстан халқы Студенттік ассамблеясының төрағасы Жарылқасын Аружан Берікқызы және «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Сауран аудандық өкілдігінің төрағасы Сайдов Тажимурод Миразизович мазмұнды баяндамалар жасады.

Күн тәртібінде маңызды ұйымдастырушылық мәселелер қаралып, ұсыныстар қабылданды. Атап айтқанда облыстық өкілдік төрағасының орынбасарын сайлау, аудандық төрағаларды бекіту, «Достық үйіндегі» кабинетті жасақтау және студенттік ассамблеямен өзара ынтымақтастықты күшейту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, 2026 жылға арналған жұмыс бағыттары айқындалып, жастарға арналған 13 қоғамдық жоба мен бірқатар бастамалар ұсынылды. Олардың қатарында:
✅ қайырымдылық және волонтерлік жұмыстар,
✅ «Таза Қазақстан» акциясы,
✅ спорттық және патриоттық іс-шаралар,
✅ жастар арасында жасанды интеллектті қолдануды дамыту,
✅ «Бірлік», «Адал азамат», «Жомарт жан», «Ассамблея айнасы», «Бірлігіміз – әралуандықта» сынды маңызды жобалар бар.

Жиын соңында Эльмира Ұласбекқызы жастардың қоғамдағы рөлін арттыру, этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайту жолында бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

Ассамблея жастары – бірлік пен келісімнің жарқын күші!

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан – халықаралық туристік орталыққа айналуда

Түркістан – халықаралық туристік орталыққа айналуда

Redaktor Bauyrlas

Ынтымақ пен бірлік – ел тұрақтылығының берік негізі