«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

2025 жылғы 17 желтоқсанда Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Түркістан облысының білім басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен, Түркістан облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілінің қатысуымен «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өзекті бағыттар» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Іс-шараға облыстық басқармалар өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары, азаматтық қоғам институттары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ аудан және қала деңгейінде тағайындалған балалар омбудсмендері қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторы — Түркістан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымбекова Айгүл Ерхалиқызы болды.

Іс-шара барысында баяндама жасағандар:

Түркістан облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Егамбердиева Динара Асылқызы; Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Тоққұлова Гүлсара Төлебекқызы; Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Баетов Ерназар Көпжасарұлы.

Сонымен қатар, аудан-қалалардан сайланған балалар омбудсмендері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу қорытындысы бойынша балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау саласындағы ведомствоаралық және қоғамдық өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған нақты ұсыныстар айтылды. Іс-шара соңында белсенді оқушы жастар марапатталды.

Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау — мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның ортақ әрі маңызды міндеті.

Сәйкес жаңалықтар

ҚХА-НЫҢ «САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІ ЖАСТАРМЕН ПІКІР АЛМАСТЫ

Redaktor Bauyrlas

СЕЙДУЛЛА САДЫҚ МӘСКЕУДІ МОЙЫНДАТТЫ…

БІРТҰТАС ТӘРБИЕ