«BAUYRLAS» қоғамдық-саяси, ақпараттық-танымдық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ БІРЛІКТІ ДӘРІПТЕЙДІ

2025 жылғы 25 желтоқсанда Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктер мен құрылымдардың төрағалары, сондай-ақ «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Ғабдулұлы Жұмырбаевтың қатысуымен мазмұнды кездесу өтті.

Іс-шараны Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейтжанов Нұрсұлтан Маратұлы жүргізді.

Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында өңірде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты одан әрі нығайту, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және жаңа әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Жиын аясында Түркістан облыстық ҚХА жанындағы түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Сарманбай Сафаровқа арнайы төсбелгі тағылып, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Ұласбекқызы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай жарық көрген «Түркістан – татулықтың темірқазығы, тарихи төрі» атты кітапты «Ассамблея жастары» РҚБ-нің төрағасы Тимур Ғабдулұлы Жұмырбаевқа салтанатты түрде табыстады.

Кездесуде «Ассамблея жастары» РҚБ-нің төрағасы Тимур Жұмырбаев, Түркістан облыстық ҚХА жанындағы түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Сарманбай Сафаров, Журналистер мен блогерлер клубының мүшесі, «Қызмет» газетінің бас редакторы Бейсенкүл Нарымбетова, Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев, сондай-ақ «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің төрағасы Нодиржан Хасантаев баяндама жасап, өзекті ой-пікірлерімен бөлісті.

Шара соңында Қазақстан халқы Студенттік Ассамблеясының куәліктері табысталып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген белсенді жастар салтанатты түрде марапатталды.

Жалпыэтностық бірлік – қуатты мемлекеттің берік негізі. Еліміздің бірлігі мен ынтымағы нығая берсін!

Сәйкес жаңалықтар

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Redaktor Bauyrlas

Жұманғарин қосылған құн салығы мөлшерлемесін көтеру бағаға қалай әсер ететінін түсіндірді

admin123

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ