Бүгіннен бастап барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары орнынан “ұшты”. Иә, солай… Енді қайта сайлау өтеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды.
Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.
Жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ел игілігіне ақ-адал қызмет еткен маслихат депуттарына көп рахмет! “Жүрдім-бардым” күнелткен депутаттарға да Алла разы болсын!
Ерсұлтан Әмірбек
Журналист
